Торонтодағы ұшақ апаты: 18 адам зардап шекті

Ұшақ әуежайда қону кезінде аударылып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Торонтодағы ұшақ апатынан 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Дүйсенбі күні түсте (жергілікті уақыт - ред.) Пирсон халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында Delta Airlines әуе компаниясы ұшағының аударылуы салдарынан 18 адам зардап шекті", - делінген хабарламада.
Delta Airlines ұшағы қону кезінде аударылып қалғаны белгілі болды. Әуежай өз жұмысын уақытша тоқтатты. Онтарио провинциясының губернаторы Даг Форд оқиғадан қайтыс болғандар жоқ деп мәлімдеді.
АҚШ-тағы ұшақ апаты: Вашингтон маңында жолаушылар қаза тапты