АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы атынан әрекет ететін алаяқтар пайда болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
"Әлеуметтік желіде алаяқтар жаңа "қызметті" ұсынады. Олар "егер сізді брокер алдап кетсе" ақшаны қайтаруға көмектесеміз деп уәде береді. Бұл орайда олар ҰҚШҰ атынан әрекет ететіндерін айтып, сендіреді", - делінген хабарламада.
Ұйым адамдарды қырағы болуға және алаяқтардың қармағына түспеуге шақырды.