АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Жыл басынан бері 169,1 мың адам 2,3 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалпы биыл бұл төлемақыға бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды.
Сондай-ақ биыл атаулы әлеуметтік көмекті мектеп жасына дейінгі 52 мың бала алды, оларға 305,1 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды.
Бұл көмекті алу үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, атаулы әлеуметтік көмек биыл қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-тен төмен емес деңгейде тағайындалды.