https://sputnik.kz/20250117/55-zhastan-bastap-aleumettik-tolem-alatyndardyn-zhartysyna-zhuygy-ush-oblysta-turady-50047249.html
55 жастан бастап әлеуметтік төлем алатындардың жартысына жуығы үш облыста тұрады
55 жастан бастап әлеуметтік төлем алатындардың жартысына жуығы үш облыста тұрады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір жыл бойы ай сайын 208 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алған адамдардың... 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T22:50+0500
2025-01-17T22:50+0500
2025-01-17T22:50+0500
әлеуметтік төлем
зейнетақы қоры
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір жыл бойы ай сайын 208 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың қорытындысы бойынша 13 568 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істегені үшін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Жалпы, бұл төлемге 14 322 адам өтініш білдірген.Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны мына өңірлерде тіркелді. Олар:"Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарт саналады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады", - дейді министрлік мамандары.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сәйкес, 37 мыңнан астам жұмыскер арнаулы әлеуметтік төлем алуға құқылы. Төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асты. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинағына байланысты болады.Ал Әлеуметтік кодекс бойынша жұмыс берушілер зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын аударады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, зейнетақы қоры
әлеуметтік төлем, зейнетақы қоры
55 жастан бастап әлеуметтік төлем алатындардың жартысына жуығы үш облыста тұрады
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір жыл бойы ай сайын 208 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 13 568 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істегені үшін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Жалпы, бұл төлемге 14 322 адам өтініш білдірген.
Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны мына өңірлерде тіркелді. Олар:
1.
Қарағанды облысы – 2 425;
2.
Қостанай облысы – 1 489;
3.
Шығыс Қазақстан облысы – 1 450.
"Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарт саналады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады", - дейді министрлік мамандары.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сәйкес, 37 мыңнан астам жұмыскер арнаулы әлеуметтік төлем алуға құқылы. Төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асты. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинағына байланысты болады.
Ал Әлеуметтік кодекс бойынша жұмыс берушілер зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын аударады.