АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеуге көмектесуі мүмкін, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Құрама Штаттар жағдайды реттеуге көмектесе алады және біз мұндай көмектің әбден мүмкін екенін жасырмаймыз. Оның үстіне АҚШ Украина дағдарысында басты рөлді атқарып отыр", - деді ол Сербия сыртқы істер министрі Марко Джуричпен келіссөзжүргізу кезінде.