Қостанай облысында 3 адам қар құрсауында қалды

Sputnik
АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Арқалық-Жезқазған автожолында 3 адам мінген көлік қарға батып қалған.
ТЖМ құтқарушылары оларға жетіп, көліктерді қардан жолдың тазартылған жеріне сүйреп шығарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аудару және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шықпау қажеттігін ескертті.
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді