Мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған инвестиция 1,1 трлн теңгеге жетті

Sputnik
АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына салынған шетел инвестициясы 1,1 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық Банк басшысы Тимур Сүлейменов International Conference KASE: Joining Tabadul Digital Hub іс-шарасында айтты.
Оның мәліметінше Қазақстан нарығына инвесторлардың қызығушылығы артқан.
"Кейінгі бір жылда шетел инвестициясы 2 еседен көп өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті. 2022 жылғы сәуірде Қазақстанның мемлекеттік облигациялары FTSE Frontier Emerging Markets Government Bond Index құрамына кірді. Бұл Қазақстанның әлемдік қаржы нарығындағы орнын нығайтты", - деп мәлімдеді ол.
Германия компаниялары Қазақстанға инвестиция салуға дайын