https://sputnik.kz/20250119/germaniya-kompaniyalary-qazaqstanga-investitsiya-saluga-dayyn-50113472.html
Германия компаниялары Қазақстанға инвестиция салуға дайын
Германия компаниялары Қазақстанға инвестиция салуға дайын
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы бастаған Қазақстан делегациясы Германияда өткен аграрлық іс-шараларға қатысып... 19.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-19T20:02+0500
2025-01-19T20:02+0500
2025-01-19T20:02+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36216784_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_8ffed96292bc5362b8555062b8ba2072.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы бастаған Қазақстан делегациясы Германияда өткен аграрлық іс-шараларға қатысып, стратегиялық келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Сапар барысында Германияның ауыл шаруашылығы министрі Джем Оздемирмен және Германияның азық-түлік пен ауыл шаруашылығы федералды министрлігінің парламенттік статс-хатшысы О. Никпен кездесулер өтті. Кездесулерде Орталық Азия елдері үшін Тұрақты егіншілік жөніндегі өңірлік орталық құру және екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Тұрақты егіншілік жөніндегі өңірлік орталық құру туралы идея алғаш рет Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Германияға ресми сапары барысында ұсынылған болатын.18-19 қаңтар күндері делегация 16-шы Берлин ауыл шаруашылығы министрлері конференциясына және "Grüne Woche" халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстан көрмеде агроөнеркәсіптік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Сапар нәтижесінде Германия компанияларының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға жоғары қызығушылығы расталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36216784_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_ee590843c28f654dd9afa9bdbb5952d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы бастаған Қазақстан делегациясы Германияда өткен аграрлық іс-шараларға қатысып, стратегиялық келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сапар барысында Германияның ауыл шаруашылығы министрі Джем Оздемирмен және Германияның азық-түлік пен ауыл шаруашылығы федералды министрлігінің парламенттік статс-хатшысы О. Никпен кездесулер өтті. Кездесулерде Орталық Азия елдері үшін Тұрақты егіншілік жөніндегі өңірлік орталық құру және екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тұрақты егіншілік жөніндегі өңірлік орталық құру туралы идея алғаш рет Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Германияға ресми сапары барысында ұсынылған болатын.
"Қазақстандық делегация John Deere, DF Deutsche Forfait AG, BVVG және Innari сияқты жетекші неміс компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен жобалар мен Қазақстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері қарастырылды", - деп жазылған хабарламада.
18-19 қаңтар күндері делегация 16-шы Берлин ауыл шаруашылығы министрлері конференциясына және "Grüne Woche" халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстан көрмеде агроөнеркәсіптік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Сапар нәтижесінде Германия компанияларының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға жоғары қызығушылығы расталды.