Қарағанды облысында 200-ден астам көлік қар құрсауында қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысына апаратын күре жолдарда 200-ден астам көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта ақ түтек қарлы боранға байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жол жабық.
"Теміртау және Ақмола облысы, Қарағанды - Ақсу-аюлы, Қарағанды - Павлодар сияқты республикалық маңызы бар жолдар жабық. Қазір 200-ден астам көлік діттеген жеріне жете алмай жолда қалды", - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайырова.
Полиция тұрғындар мен қала қонақтарына жолға шықпауды қайта-қайта ескертіп жатыр.
Ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелді