Ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелді

© Photo : УЧС ТемиртауАстана-Қарағанды жолы
Астана-Қарағанды жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Жазылу
Жолдарды 13 ақпанда сағат 17:00-де және 14 ақпанда 08:00-де ашу жоспарланған
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыстағы жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ. - Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті" 16-200 ш, Астана қаласының учаскесі - Павлодар облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
2025 жылғы 13 ақпан сағат 08:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты"Астана-Ерейментау-Шідерті" 200-254ш , Ақмола облысы ш. уч.-Шідерті кенті облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Жолдарды 2025 жылдың 13 ақпанында сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" 1291-1353ш , Жібек Жолы ААП- Ақмола облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты"Астана-Қарағанды-Алматы" 1353-1426 ш., Ақмола облысы шекарасы учаскесі-Теміртау ААП шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Жолдарды 2025 жылдың 14 ақпанында сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Жаңалықтар
0