Қазақстанның сыртқы қарызы қанша

Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елдің сыртқы қарызын алдын ала бағалау туралы ақпаратты жариялады.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның сыртқы қарызы 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 165 миллиард 630 миллион долларды құрады. Оның ішінде:
91 миллиард доллардан астамы тікелей инвестиция (фирмааралық қарыз),
13,2 миллиард доллары банктердің қарызы (2,4 миллиарды Ұлттық банктің қарызы),
12,7 миллиарды мемлекеттік органдардың қарызы,
45,5 миллиард долларды экономиканың басқа секторлары алған.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы қарыздың көлемі 161 миллиард 163 миллион доллар болған. Өткен жылдың 1 қаңтарында ол 163 миллиард 551 миллион долларға өсті.
Қазақстанның экономикасы өседі - ЕАДБ болжамы