Жеңістің 80 жылдығы

Астанадағы әскери парадта жаңа техника көрсетіледі

Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта жаңа әскери техника көрсетіледі. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге арналған кешенді жоспар әзірледі. Соның аясында 7 мамырда Астанада әскери шеру өтеді.
"Жоспарда қаңтар айынан бастап желтоқсанға көптеген шара енгізілген. Ең маңыздысы - 7 мамырда болатын әскери парад. Бұл шара үш кезеңнен тұрады. Біріншісі-тарихи кезең, екіншісі - заманауи кезең, үшінші кезеңі - әуе шеруі. Жаңа әскери техника да көрсетіледі",-деді Жазықбаев мәжілісте өткен брифингте.
Айта кетері, бүгін министрдің орынбасары қазақстандық бітімгерлер Сирия жотасында қандай операцияларға қатысқанын да айтты.
Қазақстандық бітімгерлер жыл соңындағы шиеленіске қатысқан жоқ – вице-министр