Қазақстандық бітімгерлер жыл соңындағы шиеленіске қатысқан жоқ – вице-министр

© пресс-служба минобороны КазахстанаКазахстанские миротворцы прибыли на Голанские высоты
Казахстанские миротворцы прибыли на Голанские высоты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Жазылу
Израиль әскері Сирияға кірген кезде қазақстандық бітімгерлер не істеді
АСТАНА, 12 ақпан– Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық бітімгерлер Сирияда қандай операцияларға қатысқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр наурыз айында қазақстандық бітімгерлер Голан жотасына аттанған болатын. Ал жыл соңында Башар Асадтың билігі құлағаннан кейін Израиль Голан жотасындағы буферлік аймақты басып алды.
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, ол кезде қазақстандық бітімгерлер шиеленіске араласқан жоқ.
"Өткен жылдың соңында болған шиеленіс кезінде біздің бітімгершілік рота шиеленісті тоқтатуға қатысқан жоқ. Меморандумның шеңберінде тек бітімгерлік миссия бойынша азаматтық персоналды Дамаск қаласынан эвакуациялаумен айналысты және басқа да мемлекеттердің бітімгерлерін базаға эвакуациялады",-деді Жазықбаев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, бітімгерлер жарақат алса, өтемақы төленеді. Оның мөлшері – 6-30 жалақы. Ал қаза тапқан жағдайда 60 жалақы көлемінде өтемақы қарастырылған.
Жаңалықтар
0