АСТАНА, 12 ақпан - Sputnik. Астанада заңсыз орнатылған сауда павильондары бұзылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Сарыарқа ауданында жыл басынан бері 6-дан астам сауда нысаны бұзылған.
"Дүңгіршекті немесе дүкенді мемлекет жеріне қою үшін кәсіпкерлер "Astana" ӘКК АҚ-ға өтінім беруі қажет. Кәсіпкерлерге әртүрлі павильондарды орнату үшін жер учаскелерін қосалқы жалға алу ұсынылады: мысалы кофеханалар, гүл және газет дүңгіршектері, кәдесый дүкендері, фастфуд пункттері, сондай-ақ балмұздақ, көкөністер мен жемістер сататын павильондар және тағы басқа сауда орындары", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Қала тұрғындары да заңсыз сауда орындарына жиі шағымданған. Дүңгіршектердің сүрілуіне бұл да себеп болған.
Өтініштер негізінде мониторинг жүргізіледі, ал павильон иелерімен ерікті түрде бөлшектеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Астана билігі.
Айта кетейік, бүгін Алматыда да заңсыз салынған сауда павильоны бұзылып жатыр.