АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Ақтауда арзан пәтер алмақшы болған тұрғын 21 млн теңгеге алданып қалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Алаяқтық алыстан емес, танысынан келді. Ақтау қаласының тұрғыны жаңа үйлердің бірінен арзан бағаға 4 бөлмелі пәтер аламын деп ойлаған. Ол бұл істі оңай жүзеге асырып беремін деген танысына 21 млн теңгені ұстатқан. Танысы болса, ақшаны алып, басқа өңірге тайып тұрған.
"Тергеу барысында азаматтың үлкен мөлшерде ақша алып, алаяқтық жасағаны расталды. Тұрғындар мен қала қонақтарын сақ болуға, алаяқтардың арбауына түспеуіне шақырамыз." - делінген хабарламада.
Алаяқ сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.