Шымкентте судья сотталды

Параға қатысты қылмыстық іс бойынша үш адам бас бостандығынан айырылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Шымкентте пара алған судья 7,5 жылға сотталды. Іс қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлады Шымкент соты.
Қылмыс әу баста күйеуі сотталғалы жатқан әйелге көмектесетінін айтып уәде беруден басталған. Соңында пара алушы әйелдің сеніміне кіріп, ірі мөлшерде қаражатын алған.
Сотталған үшеудің бірі – судья, екіншісі – адвокат. Кінәсі жасырын тергеу әрекеттері кезінде толық дәлелденген.
Сот қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен "Алаяқтық" бойынша қарады.
Сот үкімімен судья 7,5 жылға, ал адвокат 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үшінші сотталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды