https://sputnik.kz/20250211/shymkentte-sudya-sottaldy-50751094.html
Шымкентте судья сотталды
Шымкентте судья сотталды
Sputnik Қазақстан
Параға қатысты қылмыстық іс бойынша үш адам бас бостандығынан айырылды 11.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-11T09:57+0500
2025-02-11T09:57+0500
2025-02-11T09:57+0500
судья
пара
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Шымкентте пара алған судья 7,5 жылға сотталды. Іс қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлады Шымкент соты.Қылмыс әу баста күйеуі сотталғалы жатқан әйелге көмектесетінін айтып уәде беруден басталған. Соңында пара алушы әйелдің сеніміне кіріп, ірі мөлшерде қаражатын алған.Сотталған үшеудің бірі – судья, екіншісі – адвокат. Кінәсі жасырын тергеу әрекеттері кезінде толық дәлелденген.Сот қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен "Алаяқтық" бойынша қарады.Сот үкімімен судья 7,5 жылға, ал адвокат 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үшінші сотталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
https://sputnik.kz/20240424/almaty-oblysynda-sudya-men-sot-pristavy-zhemqorlyq-ushin-sottaldy-43883417.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
судья, пара
Шымкентте судья сотталды
Параға қатысты қылмыстық іс бойынша үш адам бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Шымкентте пара алған судья 7,5 жылға сотталды. Іс қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлады Шымкент соты.
Қылмыс әу баста күйеуі сотталғалы жатқан әйелге көмектесетінін айтып уәде беруден басталған. Соңында пара алушы әйелдің сеніміне кіріп, ірі мөлшерде қаражатын алған.
Сотталған үшеудің бірі – судья, екіншісі – адвокат. Кінәсі жасырын тергеу әрекеттері кезінде толық дәлелденген.
Сот қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен "Алаяқтық" бойынша қарады.
Сот үкімімен судья 7,5 жылға, ал адвокат 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үшінші сотталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.