Сараланған құн салығы енгізілген жағдайда тауар бағасы қалай өзгереді

Жұманғариннің айтуынша 3 процентке дейін инфляция болып, бір жылдың ішінде қайта қалпына келеді
Sputnik
АСТАНА, 11 ақпан– Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сараланған құн салығы инфляцияға қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің жаңа жоспарына сәйкес, кәсіпкерлер үшін қосарланған құн салығының базалық мөлшерлемесі 16 процент деңгейінде бекітіледі.
"Қосарланған құн салығын көтергеннен кейін инфляция көтерілуі мүмкін. Бірақ уақытша болады және бір жылдың ішінде қайта түседі. Қосымша инфляция 3 процентке дейін болады деген болжам бар",-деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бұған дейін үкімет қосарланған құн салығын 20 процентке дейін көтеруді ұсынған болатын. Сол кезде Жұманғарин тауарлардың бағасы да шамамен 4,5 процентке өсуі мүмкін деп болжады.
Жұманғарин 10 проценттік құн салығы қай салада енгізілетінін айтты