Былтыр қазақстандықтарға 304 млрд теңге айыппұл салынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Бес жыл ішінде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 2,5 есе өсті. Ал былтыр 304 миллиард теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Finprom.kz.
Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, өткен жылы әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны 15,1 млн-нан асты. Бұл көрсеткіш 2019 жылы небәрі 6,1 млн болған. Мұндай заң бұзушылықтардың қатарында айыппұлдар ғана емес (84%), сонымен қатар ескертулер (12%), әкімшілік қамауға алу (0,6%), шетелдіктерді депортациялау (0,2%) және басқа да жаза түрлері кірді.
Былтыр 12 айда 304,3 млрд теңге айыппұл салынған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 63,9%-ке артық.
Айыппұл салудан Алматы мен Маңғыстау облыстары көш бастап тұр. Алматы жол ережесін бұзудан алдына жан салмаса, маңғыстаулық кәсіпорындар экология саласында миллиардтап айыппұл арқалаған.
Қазақстандық жүргізушілер айыппұл төлеуден рекорд орнатты