https://sputnik.kz/20250130/qazaqstandyq-zhurgizushiler-ayyppul-toleuden-rekord-ornatty-50426824.html
Қазақстандық жүргізушілер айыппұл төлеуден рекорд орнатты
Қазақстандық жүргізушілер айыппұл төлеуден рекорд орнатты
Sputnik Қазақстан
Былтыр жол ережесін сақтамаған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге 139, 46 млрд теңге айыппұл салынды 30.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-30T16:24+0500
2025-01-30T16:24+0500
2025-01-30T16:24+0500
айыппұл
әкімшілік айыппұл
https://sputnik.kz/img/1168/08/11680804_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_701ca3c3e688ad507416a763ce61dc43.jpg
АЛМАТЫ, 30 қаңтар - Sputnik. Былтыр 12 айда ереже бұзғандарға 139, 46 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Kolesa kz.2024 жылы жеке және заңды тұлғалар 304,3 млрд теңге айыппұл арқалады. Оның шамамен 40 %-ы яғни 139,46 млрд теңгесі жол ережесін сақтамаған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге тиесілі.Екінші орында салық саласындағы құқықбұзушылық, үшінші орында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында ішімдік ішу, шулау сияқты заңбұзушылық тұр.Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы жол ережесін бұзғандарға 88,7 млрд теңге айыппұл салыныпты, яғни көрсеткіш 36 % өскен. Ал 2014 жылы айыппұл көлемі 21, 672 млрд теңге болған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 есеге аз.Он жылда айыппұл мөлшері де өзгергенін ескерген жөн. Кейбір жағдайда сома бірнеше есе жоғары. Дегенмен прокуратураның статистикасы көңіл көншітпейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1168/08/11680804_440:0:3169:2047_1920x0_80_0_0_83d27fa5246eba00f51ce67becc35fb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл, әкімшілік айыппұл
айыппұл, әкімшілік айыппұл
Қазақстандық жүргізушілер айыппұл төлеуден рекорд орнатты
Былтыр жол ережесін сақтамаған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге 139, 46 млрд теңге айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 30 қаңтар - Sputnik. Былтыр 12 айда ереже бұзғандарға 139, 46 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Kolesa kz.
2024 жылы жеке және заңды тұлғалар 304,3 млрд теңге айыппұл арқалады. Оның шамамен 40 %-ы яғни 139,46 млрд теңгесі жол ережесін сақтамаған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге тиесілі.
Екінші орында салық саласындағы құқықбұзушылық, үшінші орында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында ішімдік ішу, шулау сияқты заңбұзушылық тұр.
Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы жол ережесін бұзғандарға 88,7 млрд теңге айыппұл салыныпты, яғни көрсеткіш 36 % өскен. Ал 2014 жылы айыппұл көлемі 21, 672 млрд теңге болған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 есеге аз.
Он жылда айыппұл мөлшері де өзгергенін ескерген жөн. Кейбір жағдайда сома бірнеше есе жоғары. Дегенмен прокуратураның статистикасы көңіл көншітпейді.