Юлия Путинцева Дохадағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

Дохадағы турнирдің екінші айналымында Юлия Путинцева чехиялық Линда Носковамен кездеседі
Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан - Sputnik. Әлем рейтингінде 20-шы орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дохадағы (Катар) WTA-1000 турнирінің екінші кезеңіне шықты.
Жарыс басында ол қиын кездесуде жапонияық Моюка Учижиманы (63-орын) 6:2, 6:7 (5:7), 6:3 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды.
Дохадағы турнирдің екінші айналымында Юлия Путинцева Чехия өкілі Линда Носковамен кездеседі.
Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің чемпионы болды