Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің чемпионы болды

Юлия Путинцева - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2024
Жазылу
Енді қазақстандық теннисші рейтингте жеті сатыға көтеріледі
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанның екінші және әлемнің 41-ші ракеткасы Юлия Путинцева WTA 250 турнирінде жеңіске жетті.
Бирмингемде (Ұлыбритания) өткен жарыстың финалында ол рейтингте 190-шы орында тұрған австралиялық Айла Томляновичті 6:1, 7:6 есебімен ұтты.
Матч 1 сағат 29 минутқа созылды.
Енді қазақстандық теннисші рейтингте жеті сатыға көтеріліп, әлемнің 34-ші ракеткасы болады.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Тоқаев теннисші Рыбакинаны 25 жасқа толған туған күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0