АСТАНА, 10 ақпан - Sputnik. Қытайдың халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті (ҚХСДЖК) ұйымдастырған Қытай кәсіпкерлерінің делегациясы дүйсенбіде Қазақстанға келді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Комиеттің мәліметінше, делегацияның мақсаты - екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.
Делегация құрамында Қытайдың CITIC Group, PetroChina, Sinopec, CNOOC және Sinochem сияқты танымал 32 кәсіпорынның өкілдері бар.
"Төрт күндік сапар барысында қытайлық кәсіпкерлер мұнай және газ саудасы, энергияның экологиялық таза көздері және электрондық коммерция сияқты ынтымақтастықтың негізгі салаларын дамыту әлеуетін зерттеу үшін Қазақстанның саяси және іскер топтарымен кездеседі", - делінген хабарламада.
Ұйымдағылар соңғы жылдары Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы қарқынды дамып жатқанын айтады. Бұл екі елдің іскер топтарына неғұрлым ауқымды, терең және сапалы іс-шаралар өткізуге кең мүмкіндіктер береді.
ҚХР Бас кеден басқармасының деректеріне сәйкес, былтыр Қытайдың Қазақстанмен тауар айналымы 6,8% өсіп, 43,82 млрд долларға жетті.