Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект зертханасын құрып жатыр
© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКҚазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылды

Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қытай кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму жөніндегі халықаралық бірлескен зертхана құрып жатыр, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКҚазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылды

Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылды
Сонымен қатар Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылды. Іс-шараға Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Қытай ғылым академиясы (СAS, Қытай), Чжэцзян технологиялық университеті (ZJUT), сондай-ақ ҚХР-дың жоғары технологиялық компаниялар тобының өкілдері қатысты.
© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКҚазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылды

Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылды
"Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер, соның ішінде климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды басқару, табиғи апаттар және экономиканы цифрландыру жасанды интеллект (ЖИ) пен кеңістіктік-уақыттық деректерді талдауға негізделген инновациялық тәсілдерді талап етеді. Зертхана жасанды интеллект, қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және болжамды модельдеу саласындағы озық технологияларды біріктіретін алдыңғы қатарлы зерттеулер орталығына айналады", - деп атап өтті ведомство.
Зертхананың негізгі зерттеу бағыттары:
Жасанды интеллект (ЖИ) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларын қолдану арқылы су ресурстарын мониторингтеу және басқару;
Су тасқындары, көшкіндер мен қар көшкіндері сияқты табиғи апаттар туралы ерте ескерту жүйелерін әзірлеу;
Қоршаған орта өзгерістерін болжауға мүмкіндік беретін кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау үшін жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану;
Энергетикалық ресурстарды интеллектуалды энергия тарату жүйелері арқылы оңтайландыру;
Ауыл шаруашылығын цифрландыру және "ақылды егіншілік" технологияларын енгізу.
Қазақстан үшін перспективалар мен артықшылықтар
Зертхана Қазақстанға мынадай мүмкіндіктер береді:
1.
Ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелер саласында алдыңғы қатарға шығу.2.
Халықаралық ғылыми жетістіктерді ұлттық тұрақты даму жүйесіне интеграциялау.3.
Жасанды интеллект (ЖИ) және цифрлық технологиялар саласында отандық мамандарды даярлау деңгейін арттыру.4.
Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайту.5.
Табиғи апаттарға төзімділікті арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізу.