Жеңістің 80 жылдығы

Павлодарда полицейлер Жеңістің 80 жылдығына арналған флешмоб өткізді

Шараға полицейлермен қатар әскери қызметшілер де қатысты
Sputnik
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Павлодар полицейлері "Жеңіске - 80 жыл" акциясы аясында флешмоб өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Павлодар облысының полиция департаментінде арнайы акция басталды.
Полицейлер мен әскери қызметшілер Batyr Mall сауда-ойын-сауық орталығында оркестрдің сүйемелдеуімен соғыс жылдарындағы әндерге арналған флешмоб ұйымдастырды. Олар сахнада тыңдармандар үшін патриоттық әндер орындады.
Шараны тамашалаған павлодарлықтар алған әсерлдерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
"Керемет әсерге бөлендім! Дауыстары да әдемі. Менің атам мен әжем соғысқа қатысып, басынан аяғына дейін майданда болған. Жеңіс күні – біздің отбасымыз үшін қасиетті мереке. Биыл да жақындарымызбен жиналып, батырларымызды еске аламыз", – дейді павлодарлық Иван Сергеевич.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңістің 80 жылдық мерекесі: президент Мәскеуге баруды жоспарлап отыр