Азиада - 2025: Қазақстан қоржынында тағы бір қола жүлде

Бұл Аянаның халықаралық деңгейдегі бірінші жетістігі
Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан спортшысы Аяна Жолдас үшінші орын алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Финалда спортшы секіргені үшін төрешілерден 76,54 ұпай алды. Бұл нәтиже оған қола жүүлде әкелді. Бұл Аянаның халықаралық деңгейдегі бірінші жетістігі.
Бірінші орынды қытайлық Чю Мэньтао 90,94 ұпаймен жеңіп алды. Екінші орын 81,58 көрсеткішпен Чэнь Сюженьге (Қытай) бұйырды.
Ардана Маханова шешуші финалға шыға алмады.
Еске салайық, Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтіп жатыр.
Азиада: қазақстандық шаңғышының қоласы күміске айналды