Тасмағамбетов: ҰҚШҰ еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. ҰҚШҰ Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы, деп мәлімдеді ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
Ол ҰҚШҰ мемлекеттері парламенттерінің өкілдері жиналған кеңесте тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын айтты.
"Біздің жетекші халықаралық серіктесіміз – Біріккен Ұлттар Ұйымы. Объективті түрде ҰҚШҰ мен БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселелеріндегі мүдделері сәйкес келеді. Бірінші кезекте бітімгершілік, терроризм мен есірткі саудасына қарсы күрес, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатерлерге қарсы іс-қимыл бағыттарында өзара іс-қимылды дәйекті түрде дамытамыз", - деп атап өтті ҰҚШҰ бас хатшысы.
ҰҚШҰ мен оның хатшылығы үшін халықаралық ұйымдармен, ең алдымен БҰҰ, ТМД және ШЫҰ-мен өзара іс-қимыл маңызды бағыт болып қала бермек.
Иманғали Тасмағамбетовтың сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.
Иманғали Тасмағамбетов: НАТО Беларусь пен Ресей шекарасына жақындап келеді