https://sputnik.kz/20241204/imangali-tasmagambetov-nato-belarus-pen-resey-shekarasyna-zhaqyndap-keledi-49031254.html
Иманғали Тасмағамбетов: НАТО Беларусь пен Ресей шекарасына жақындап келеді
Иманғали Тасмағамбетов: НАТО Беларусь пен Ресей шекарасына жақындап келеді
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ Бас хатшысы оқиғалар кез келген сценарий бойынша өрбуі мүмкін деп санайды 04.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-04T16:11+0500
2024-12-04T16:11+0500
2024-12-04T16:11+0500
ұқшұ
иманғали тасмағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43254491_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_ee35f09fe66c0a026b2e809e03f7c68b.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Иманғали Тасмағамбетов НАТО-ның Беларусь немесе Ресейге ықтимал басып кіруін "ақылға қонымсыз" деп бағалайды. Дегенмен Солтүстікатлантикалық альянс белсенділігінің артуы кез келген сценарийдің ықтималдылығын көрсетеді.Бұл туралы Sputnik баспасөз орталығында өткен бейнеконференция барысында ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) өзінің жауапкершілік аймағының Шығыс Еуропа бөлігіндегі жағдайды мұқият қадағалап отыр.Ол бұл шараларға жауап ретінде Ресей өзінің ядролық доктринасын өзгерткенін еске салды."Қазіргі уақытта әлемде теңдесі жоқ "Орешник" гипердыбыстық қаруының жауынгерлік жағдайдағы сынақтарын әлеуетті қарсыластар елеусіз қалдыра алмайды", - деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.ҰҚШҰ қызметінің басқа да тақырыптарына тоқталған Иманғали Тасмағамбетов ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы елдерді заманауи қару-жарақпен және техникамен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты.Оның пікірінше, әскери-техникалық ынтымақтастық жалғасуда, ал Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені өте белсенді және тиімді жұмыс істеп жатыр. ҰҚШҰ елдеріне қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу негізінен Ресей мен осы елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында орындалып жатыр."ҰҚШҰ-ның барлық елі "Ресейқорғанысэкспортпен" тікелей жұмыс істейді. Басты мәселелердің бірі – ҰҚШҰ елдерінің қаруды ішкі бағамен сатып алу мүмкіндігі бар. Бұл жұмыс қызу жалғасып жатыр", – деді Иманғали Тасмағамбетов.Ол ҰҚШҰ аясында шартқа қатысушы елдердің ұжымдық қарулы күштерін заманауи және озық қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау мәселелері тікелей талқыланып жатқанын тағы да айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43254491_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_d451bd37b03f6df32e0181a29acd87eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов
Иманғали Тасмағамбетов: НАТО Беларусь пен Ресей шекарасына жақындап келеді
ҰҚШҰ Бас хатшысы оқиғалар кез келген сценарий бойынша өрбуі мүмкін деп санайды
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Иманғали Тасмағамбетов НАТО-ның Беларусь немесе Ресейге ықтимал басып кіруін "ақылға қонымсыз" деп бағалайды. Дегенмен Солтүстікатлантикалық альянс белсенділігінің артуы кез келген сценарийдің ықтималдылығын көрсетеді.
Бұл туралы Sputnik баспасөз орталығында өткен бейнеконференция барысында ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) өзінің жауапкершілік аймағының Шығыс Еуропа бөлігіндегі жағдайды мұқият қадағалап отыр.
"Біз НАТО-ның Беларусь пен Ресейдің батыс шекарасына дейін шабуылдау инфрақұрылымын ілгерілетуін, әскери белсенділіктің артқанын көріп отырмыз. Жалпы алғанда қазіргі геосаяси тұрақсыздық ешбір сценарийді жоққа шығара алмайды", - деді Иманғали Тасмағамбетов.
Ол бұл шараларға жауап ретінде Ресей өзінің ядролық доктринасын өзгерткенін еске салды.
"Қазіргі уақытта әлемде теңдесі жоқ "Орешник" гипердыбыстық қаруының жауынгерлік жағдайдағы сынақтарын әлеуетті қарсыластар елеусіз қалдыра алмайды", - деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.
ҰҚШҰ қызметінің басқа да тақырыптарына тоқталған Иманғали Тасмағамбетов ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы елдерді заманауи қару-жарақпен және техникамен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты.
Оның пікірінше, әскери-техникалық ынтымақтастық жалғасуда, ал Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені өте белсенді және тиімді жұмыс істеп жатыр. ҰҚШҰ елдеріне қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу негізінен Ресей мен осы елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында орындалып жатыр.
"ҰҚШҰ-ның барлық елі "Ресейқорғанысэкспортпен" тікелей жұмыс істейді. Басты мәселелердің бірі – ҰҚШҰ елдерінің қаруды ішкі бағамен сатып алу мүмкіндігі бар. Бұл жұмыс қызу жалғасып жатыр", – деді Иманғали Тасмағамбетов.
Ол ҰҚШҰ аясында шартқа қатысушы елдердің ұжымдық қарулы күштерін заманауи және озық қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау мәселелері тікелей талқыланып жатқанын тағы да айтты.