АСТАНА, 7 қаңтар - Sputnik. Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды. Чемпионатқа қанша қазақстандық қатысатыны туралы турзим және спорт министрлігі хабарлады.
Қытайдың солтүстік шығысында орналасқан Харбин қаласында ресми түрде IX қысқы Азия ойындарының алауы тұтанды. "Мемлекеттер шеруінде" Қазақстанның көк байрағын шайбалы хоккейден ұлттық құрама мүшесі Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шықты.
Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды
Қысқы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 48 мың жанкүйер сыятын Харбиндегі Harbin International Convention and Exhibition Centre Stadium стадионында ерекше форматта ұйымдастырылды. Спорт тарихында алғаш рет ашылу салтанатында жасанды интеллект пайдаланылды.
Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды
Салтанатты іс-шарада жастарға көбірек көңіл бөлінгенін байқауға болады. Осы мақсатта дайындыққа 1000-ға жуық қытайлық студент шақырылған. Сондай-ақ шығармашылық топқа Қытайдың басқа да тұрғындары енген.
Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды
Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан 137 спортшы қатысады. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығы үшін таласқа түседі.
Жалпы Ойындарға Азияның 32 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы үшін сынға түседі.