Азия ойындары: Қазақстан хоккейшілері Тайбэй құрамасын 17:0 есебімен ұтты

© Photo : Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіШайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші матчын өткізді
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші матчын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Жазылу
Жарыс Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстандық хоккейшілер 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші матчын өткізіп, Тайбэй құрамасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Қазақстандық хоккейшілер ойын барысында 17 рет гол соғып, қарсыластарына өз қақпасына шайба салуға мүмкіндік бермеді.
Олег Болякин бастаған жігіттер 2025 жылғы Азия ойындарында жеңіліссіз өнер көрсетуін жалғастырып жатыр.
Абзал Ажгалиев (в центре) в финальном забеге на этапе Кубка мира по шорт-треку в Минске, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2025
Қазақстан қысқы Азия ойындарында қанша алтын алады – министр өз ойын айтты
Жаңалықтар
0