АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстандық хоккейшілер 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші матчын өткізіп, Тайбэй құрамасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Қазақстандық хоккейшілер ойын барысында 17 рет гол соғып, қарсыластарына өз қақпасына шайба салуға мүмкіндік бермеді.
Олег Болякин бастаған жігіттер 2025 жылғы Азия ойындарында жеңіліссіз өнер көрсетуін жалғастырып жатыр.