Жеңістің 80 жылдығы

Қостанай автобустарында соғыс ардагерлерінің тарихы жазылған QR-кодтар пайда болады

Мұндай кодтар қалалық аялдамаларда да ілінуі мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Қостанайда автобустарға Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тарихы жазылған QR-кодтар қойылады.
Қостанай автобустарында соғыс ардагерлерінің тарихы бар QR-кодтар пайда болады
"Біз мерекені сезінетіндей етуіміз керек. Бүкіл әлемде тіпті ұшақтар да атақты адамдардың есімімен аталады. Бізде Ұлы Отан соғысының 31 батыры, 9 ардагері бар. Автобустардың біріне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері мен қысқаша тарихын көруге болатын QR-кодтар орналастыруды ұсынамын", - деді жиында қала әкімі Марат Жүндібаев.
Әкімдіктегілер мұндай кодтар қалалық аялдамаларда да ілінуі мүмкін екенін хабарлады.
Еске салайық, биыл 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы тойланады.
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған портал іске қосылды