АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Қазақстан ОПЕК+ келісімін ұстанатынын растады. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.
"Қазақстан ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің кешегі 58-ші отырысы аясында ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды. Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылға артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды", - деп хабарлады министрліктегілер.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына байланысты биыл өндірістің ұлғаюына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздер жүргізетін болады.