АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. "Жібек Жолы" өткізу пункті 5 ақпаннан бастап 4 айға жабылады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
"Өзбекстан тарапымен "Гишт-Куприк" өткізу пунктінің құрылысын аяқтау үшін 4 айға жабылуына байланысты 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап Қазақстан тарапындағы "Жібек Жолы" өткізу пункті де жабылады", - делінген комитет хабарламасында
Бұл ретте жаяу жүргіншілер "Қапланбек", "Б.Қонысбаев" өткізу пункттері мен "Сырдария" және "Целинный" бақылау-өткізу пункттері арқылы өте алады.
Жүк көліктері әдеттегідей "Б.Қонысбаев", "Атамекен", "Қазығұрт" және "Тәжен" өткізу пункттері арқылы өтеді.