Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" өткізу пункті 4 айға жабылады

© PhotoПункт пропуска "Жибек жолы"
Пункт пропуска Жибек жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Жүргізушілер мен жолаушыларға балама маршруттар ұсынылды
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. "Жібек Жолы" өткізу пункті 5 ақпаннан бастап 4 айға жабылады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

"Өзбекстан тарапымен "Гишт-Куприк" өткізу пунктінің құрылысын аяқтау үшін 4 айға жабылуына байланысты 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап Қазақстан тарапындағы "Жібек Жолы" өткізу пункті де жабылады", - делінген комитет хабарламасында

Бұл ретте жаяу жүргіншілер "Қапланбек", "Б.Қонысбаев" өткізу пункттері мен "Сырдария" және "Целинный" бақылау-өткізу пункттері арқылы өте алады.
Жүк көліктері әдеттегідей "Б.Қонысбаев", "Атамекен", "Қазығұрт" және "Тәжен" өткізу пункттері арқылы өтеді.
Автомобильный пункт пропуска Капланбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Қазақ-өзбек шекарасында модернизацияланған өткізу пункттері ашылды
Жаңалықтар
0