Электромобильдерге бірқатар жеңілдік беріледі

Автономды, яғни жүргізушісі жоқ автомобильдерге арналған зерттеулер жүргізіледі
Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев электромобильдерді қолдау және ұшқышсыз технологияларды енгізу бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бағдарлама аясында электр қозғалтқышы бар машиналар үшін инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ оларды сатып алуға ынталандыру шаралары атқарылады. Мысалы, автотұраққа жеңілдіктер жасау және қоғамдық көлік жолағын пайдалануға рұқсат беру сияқты жеңілдіктер бар. Бұдан бөлек, автономды, яғни жүргізушісі жоқ автомобильдерге арналған зерттеулер жүргізіледі.
"Мысалы, Біріккен Араб Әмірліктерінде WeRide және Cruise компанияларына Дубайда пилотсыз таксилерді сынауға мүмкіндік берді, бұл көлікті жергілікті цифрландыруды жеделдетті. Сондай-ақ, бұл пилотсыз технологиялар саласындағы жергілікті стартаптардың дамуына ықпал етеді", — деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.
Пилотсыз көліктерді шығару үшін заңнаманы реттеу керек. Ал пилоттық жобаны іске қосу үшін тест алаңдары және Waymo (Google), Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex, Huawei халықаралық серіктестерімен бірлесіп технологиялар таңдалады.
Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады