БЖЗҚ-дан валюта сатып алу жоспары жоқ - Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі
Ақпан айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 650 млн доллар сатады
Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Ақпан айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 550 миллион доллардан 650 миллион долларға дейін сатады.
Сонымен бірге, Ұлттық реттеуші хабарлағандай, ақпан айында БЖЗҚ-дан валюта сатып алу жоспарланбайды.
"Қаңтар айында Ұлттық қордан 850 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуге, сондай-ақ "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырын салуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын немесе күніне шамамен 43 млн АҚШ долларын құрады", - деп жазылған хабарламада.
Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық банкі.
Мобильді ударым
Бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасы шектеле ме - ұлттық банк ақпарат берді