АСТАНА, 2 ақпан - Sputnik. Биыл жыл басынан бері Қазақстаннан тыс жерлерде 11 күдікті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Мысалы, Мәскеу қаласында 28 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол өткен жылдың сәуір-қазан айлары аралығында Алматыда жергілікті тұрғындардан қымбат смартфондарды сату сылтауымен алып, кейін ізін суытқан. Осылайша ол жеті адамды алдаған. Шығын 32 млн теңгеден асты", - дейді ведомстводағылар.
Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті әйел 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 14 мың доллар.
Жалпы жыл басынан бері Қазақстаннан тыс жерлерде 11 күдікті табылды. Ал Қазақстанның аумағында басқа елдердің құзыретті органдары іздеу жариялаған 44 қылмыскер ұсталған.