"Қыс-2025": Қазақстан әскерилері Түркиядағы оқу-жаттығуға қатысып жатыр

"Қыс" оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Арнайы мақсаттағы күштердің халықаралық жаттығуы күрделі рельефпен және қарының көптігімен ерекшеленетін Карс провинциясының маңында өтеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
"Қыс" оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі. Іс-шаралар жоспарлау және дайындық, бірлескен жаттығулар, сондай-ақ практикалық іс-шаралар секілді үш кезеңге бөлінген.
Казахстанские военнослужащие на учениях "Кыш-2025" в Турции
Оқу-жаттығу барысында "Ақбаба" полигонында қысқы кезеңде өмір сүру үшін командалық жоспарлау және шаралар қабылдау мәселелері пысықталуда. Бірлескен дайындық төтенше жағдайларда әкімшілік және логистикалық процестерді реттеуге мүмкіндік береді.
Казахстанские военнослужащие на учениях "Кыш-2025" в Турции
Іс-шараға Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Египет, Италия, Моңғолия, Пәкістан, АҚШ және т. б. Елдердің әскери қызметшілер қатысады.
Оқу- жаттығу бірлескен жұмыс басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, қарлы әрі суық кезеңде бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін, қозғалыс қарқынын сақтау үшін алдын алу шараларын қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.