https://sputnik.kz/20250201/qys-2025-qazaqstan-askerileri-turkiyadagy-oqu-zhattyguga-qatysyp-zhatyr-50475182.html
"Қыс-2025": Қазақстан әскерилері Түркиядағы оқу-жаттығуға қатысып жатыр
"Қыс-2025": Қазақстан әскерилері Түркиядағы оқу-жаттығуға қатысып жатыр
Sputnik Қазақстан
"Қыс" оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі 01.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-01T13:35+0500
2025-02-01T13:35+0500
2025-02-01T13:35+0500
әскерилер
оқу-жаттығулар
түркия
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50472715_0:308:867:796_1920x0_80_0_0_b5238368954b9338faea08cff38d1d5f.jpg
АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Арнайы мақсаттағы күштердің халықаралық жаттығуы күрделі рельефпен және қарының көптігімен ерекшеленетін Карс провинциясының маңында өтеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі."Қыс" оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі. Іс-шаралар жоспарлау және дайындық, бірлескен жаттығулар, сондай-ақ практикалық іс-шаралар секілді үш кезеңге бөлінген.Оқу-жаттығу барысында "Ақбаба" полигонында қысқы кезеңде өмір сүру үшін командалық жоспарлау және шаралар қабылдау мәселелері пысықталуда. Бірлескен дайындық төтенше жағдайларда әкімшілік және логистикалық процестерді реттеуге мүмкіндік береді.Іс-шараға Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Египет, Италия, Моңғолия, Пәкістан, АҚШ және т. б. Елдердің әскери қызметшілер қатысады.Оқу- жаттығу бірлескен жұмыс басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, қарлы әрі суық кезеңде бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін, қозғалыс қарқынын сақтау үшін алдын алу шараларын қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50472715_0:253:867:903_1920x0_80_0_0_529feda81d64870af0bee045bf530497.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскерилер, оқу-жаттығулар, түркия
әскерилер, оқу-жаттығулар, түркия
"Қыс-2025": Қазақстан әскерилері Түркиядағы оқу-жаттығуға қатысып жатыр
"Қыс" оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі
АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Арнайы мақсаттағы күштердің халықаралық жаттығуы күрделі рельефпен және қарының көптігімен ерекшеленетін Карс провинциясының маңында өтеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
"Қыс" оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі. Іс-шаралар жоспарлау және дайындық, бірлескен жаттығулар, сондай-ақ практикалық іс-шаралар секілді үш кезеңге бөлінген.
Оқу-жаттығу барысында "Ақбаба" полигонында қысқы кезеңде өмір сүру үшін командалық жоспарлау және шаралар қабылдау мәселелері пысықталуда. Бірлескен дайындық төтенше жағдайларда әкімшілік және логистикалық процестерді реттеуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Египет, Италия, Моңғолия, Пәкістан, АҚШ және т. б. Елдердің әскери қызметшілер қатысады.
Оқу- жаттығу бірлескен жұмыс басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, қарлы әрі суық кезеңде бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін, қозғалыс қарқынын сақтау үшін алдын алу шараларын қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.