АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. "ҚазАвтоЖол" (ұлттық жол операторы) ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның қай өңірінде көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
Жамбыл облысында "Ресей Федерациясының шекарасы (Жайсан өткізу пункті) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолмен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасының шекарасы ("Нұр жолы" өткізу пункті)" 143-214 км (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін) жол учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеулер енгізілді.
Жол 2025 жылдың 1 ақпанында сағат 10:00-де ашылады деп күтілуде.
Абай облысында "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" тас жолының 383-900 шақырымында (Қайнар ауылынан Сәтбаев ауылына дейін) көліктің барлық түріне көлік қозғалысына шектеулер енгізілуде.
Жол 2025 жылдың 1 ақпанында сағат 10:00-де ашылады деп күтілуде.