АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді.
Кеше ЕАЭО үкімет басшылары шағын құрамдағы кеңес өткізді.
Кеңейтілген құрамдағы отырысқа ЕАЭО-ның бес елінің делегация басшыларынан басқа Иран, Куба және Өзбекстан бақылаушы мемлекеттерінің, сондай-ақ шақырылған қонақтар Әзербайжан мен Тәжікстан өкілдері қатысады.
Кездесу барысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, барлық негізгі бағыттар бойынша одақішілік ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылады.
Сондай-ақ Алматыда жыл сайынғы "Цифрлық Алматы" форумы ашылады. Ол 2018 жылдан бері өткізіліп келеді және оған дәстүрлі түрде бизнес, IT қауымдастығы, мемлекеттік органдар және халықаралық сарапшылар қатысады. 2025 жылы форум "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар"тақырыбында өтеді.