АЛМАТЫ, 30 қаңтар - Sputnik. Қазақстан Ресей аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп жеткізуге ниетті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Сондай-ақ тараптар Қазақстаннан ет және ет өнімдерін экспорттауға шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізген.
"Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық", - деді деді Азат Сұлтанов.
Қазір жалпы Қазақстан аумағы бойынша шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр.