Олжас Бектенов: "Ресей - Қазақстанның басты серіктестерінің бірі"

© Photo : Primeminister.kz.Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады
Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады
АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Екіжақты келіссөздер барысында екі елдің үкімет басшылары Ресей мен Қазақстан президенттері арасындағы екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 24,2 миллиард долларға жетті. Екі мемлекет басшылары арасындағы тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізу туралы келісімге қол жеткізу үшін жеткізілетін тауарлардың ассортиментін кеңейту маңызды. 2021-2025 жылдарға арналған кешенді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асырудың оң нәтижелері көрсетіліп, алдағы кезеңге арналған жаңартылған бағдарламаны әзірлеудің орындылығы айтылды.
2024 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 5%-ға өсіп, 3,2 миллиард доллардан асты.
Өнеркәсіптік кооперация саласында бүгінгі таңда 18,6 миллиард долларды құрайтын 99 қазақстандық-ресейлік жоба жүзеге асырылды, Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру келеешегі қарастырылды.
Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау қарқынды дамып келеді. Осыған орай, автомобиль және теміржол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ су көлігі саласында жаңа баламалы бағыттарды ашуға көңіл бөлінуде.
"Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты ынтымақтастығымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың толық іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету маңызды міндет болып отыр. Қазақстан Үкіметі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және барлық салаларда кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға дайын", - деді Олжас Бектенов.
© Photo : Primeminister.kz.Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады
Олжас Бектенов и Михаил Мишустин предметно обсудили в Астане вопросы торгово-экономического сотрудничества - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады
Ресей үкіметінің басшысы Қазақстанды "стратегиялық серіктес және одақтас" деп атады.
"Біздің қарым-қатынасымыз достық, тату көршілік, өзара құрмет және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген. Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту жөнінде маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Біздің басшылар қол жеткізген келісімдердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету екі ел үкіметінің міндеті болып отыр", - деді Михаил Мишустин.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтып, барлық бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Ресей премьер-министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12,3 трлн теңгеден асты
Жаңалықтар
0