АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Астанада Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөздері басталды. Екі елдің үкімет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерінің толық кешенін талқылайды деп күтілуде.
Жиын қарсаңында энергетика, өнеркәсіп, көлік, білім және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылады.
Михаил Мишустин Қазақстанға 29 қаңтарда үш күндік жұмыс сапарымен келді. Ресей премьер-министрін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп күтілуде.