АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда үш атом электр станциясын салу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда ядролық кластерді құру үшін кем дегенде үш атом электр станциясын салу керек. Сосын үшеуін бөлек-бөлек емес, бірден салып шыққан дұрыс. Осылайша, бірыңғай жүйені құруға мүмкіндік бар.
“АЭС-тердің орналасу жоспарына қарай нақты алаңдар да анықталады. Бұл дегеніміз, алдымен біреуін, артынан екіншісін жоспарлауға болмайды. Әу баста барлық желінің кестесі мен жүктемесін анықтап, нақты жоспарды айқындап алған жөн. Ондай құжат әзірленеді. Осылайша, толыққанды ядролық кластерді қалыптастыру үшін үшінші АЭС салған дұрыс”,- деді Сәтқалиев бүгінгі брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, ядролық кластерді қалыптастыру бойынша стратегиялық жоспар биыл екінші тоқсанда үкіметтің қарауына енгізіледі.