Қазақстанда атом электр станциясы шетелдік несиеге салынуы мүмкін

© Sputnik / Виктор ТолочкоАрхивное фото АЭС
Архивное фото АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Жазылу
Ведомстводағылар жобаны қаржыландыру туралы айтты
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясы шетелдік несиеге салынуы мүмкін.
Қазіргі уақытта атом электр станциясының құрылысын Ұлттық қордың, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру қарастырылып отырған жоқ және атом электр станциясының өзін-өзі ақтау мерзімі бірнеше факторға, соның ішінде электр станциясы құрылысының құнына, электр энергиясының тарифтеріне, пайдалану шығындарына және өндірілген энергия көлеміне байланысты болады.
Бұл туралы Энергетика министрлігі былай деп мәлімдеді:
"Қазіргі уақытта жабдықтаушылар АЭС құрылысы жобасын қаржыландырудың әртүрлі нұсқаларын, соның ішінде экспорттық несиені және халықаралық қаржы институттарынан қаржыландыруды тартуды ұсынып отыр. Жобаны қаржыландыру тетігі бойынша түпкілікті шешім әлеуетті жабдықтаушылармен келіссөздер аяқталғаннан кейін анықталады", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Еске салайық, 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда елдегі бірінші атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткен болатын. Республиканың Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жобаны сайлаушылардың 71,12 пайызы қолдаған.
Құрылысқа үміткерлердің қысқа тізіміне ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы, оңтүстіккореялық KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF кірді. Тоқаевтың айтуынша, атом электр станциясын салу мен пайдалану халықаралық консорциумға тапсырылуы керек, бұл ретте Қазақстан бас оператор ретінде әрекет етеді. Бұл мәселе бойынша республика билігінің түпкілікті шешімі 2025 жылы қабылданады деп күтілуде.
Жаңалықтар
0