Жұманғарин атаулы әлеуметтік көмек пен жалақы қай кезде көтерілетінін айтты

Қазіргі кезде Салық кодексі аясында қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы көтерілген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек пен жалақының көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Салық кодексі аясында қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр. Соның арқасында бюджетке түсетін қаржы артады. Бірақ тауарлардың бағасы да шамамен 4,5 процентке өседі.
"Егер салықтық реформа қазіргі формада жүзеге асатын болса, әрине, онда біз атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін арттырамыз. Бұдан бөлек, бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерінің жалақысын, зейнетқаны және тағы басқа төлемдерді инфляцияға сай көтереміз. Негізгі идеямыз сол, кедейлер ол реформаны сезбеуі керек", - деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Вице-премьер қосылған құн салығы көтерілгеннен кейін инфляцияның өсетінін растап отыр. Бірақ үкімет бағаны біртіндеп түсіруге тырысады.
"Қателесуге болмайды": Тоқаев салық реформасын қолдады