Картоп қымбаттағандықтан Қазақстан экспортқа шектеу енгізді

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. 28 қаңтардан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге картоп шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазіргі уақытта көршілес елдер тарапынан қазақстандық картопқа сұраныс жоғары.
"Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 605 мың тоннаға жуық картоп экспортталған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (411 мың тонна) 1,5 есе артық. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдағы рекордтық деңгейге жетіп, ішкі нарықтағы бағаларға айтарлықтай әсер етті", - дейді ведомстводан.
Осыған байланысты, нарықтағы жағдайды тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен картопты үшінші елдерге экспорттауға 6 ай мерзімге шектеу енгізілді.
Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен басқа мемлекеттерге қатысты. Министрліктің мәліметінше, тек сонда ғана картоптың бағасы тұрақтанады.
Түркістандағы шекара бекеттерінде картоп экспортына бақылау күшейтілді