Жеңістің 80 жылдығы

Алматыда 28 панфиловшыны еске алу шарасы өтті

Қорғаныс министрлігінің өкілдері, әскери оқу орындарының курсанттары, әскери-патриоттық қоғамдардың тәрбиеленушілері, ардагерлер мен қала жұртшылығы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алып, рухына тағзым етті
Sputnik
АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысы жылдарында жанын қиған батырларды ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, курсанттар, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматыда 28 панфиловшыларды еске алу шарасы
Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды, жиналғандар қаза тапқан батырларды еске алды.
"Біз батырларымыздың ерлігін құрметтейміз және бұл естелікті болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Біздің міндетіміз – ардагерлерге қамқорлық, құрмет және олардың әскери қызметі мен адалдығы үшін алғысымызды көрсету", - деді қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.
Осы күні генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Блиновке барып, оның әскери қызметі мен жауынгерлік жолына ризашылығын білдірді.
Алматыда 28 панфиловшыларды еске алу шарасы
Бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 25 ардагері ғана тұрады. Олардың әрқайсысы Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен курсанттарының назары мен қамқорлығында. Курсанттар ардагерлерге барып, тұрмыстық көмек көрсетіп, әңгіме-дүкен құрып, олардың ерлігіне ризашылықты осылай білдіруге атсалысып жатыр.
Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар мен патриоттық іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып жатыр.
Жеңістің 80 жылдығы
Биыл ардагерлерге 17 млрд теңге төленеді